- 8
- 15.02.2023 15:47:00
- 1 мин оқу
Бүгін біз балқан асханасының ең дәмді тағамы – Яхняны дайындадық.
Ингредиенттер:
Ет - 400 гр
Пияз - 200 гр
Сарымсақ - 5 дана
Зәйтүн майы - 3 ас қасық
Сары май - 1 ас қасық
Томат - 1 ас қасық
Жүзім сірке суы - 1 шай қасық
Тұз - 1 шай қасық
Ұнтақталған қара бұрыш - 1 шай қасық
Лавр жапырағы - 1 дана
👨🏻🍳Дайындалуы:
- Төртбұрышты етті жақсылап жуып, суды сіңіру үшін қағаз сүлгіге саламыз.
- Қызып тұрған қазанға сары майды саламыз, еріген соң қатты отта етті қуырып, үстіне қызанақ салып, қуыруды жалғастырамыз.
- Аршылған сарымсақты майдалап турап, қазанға салыңыз.
- Тазаланған пиязды тұтас салып, дәміне қарай бұрыш, тұз, жүзім сірке суын және лавр жапырағын саламыз.
- Үстіне су құйып, баяу отта қайнатуды жалғастырыңыз.
- Тағамның суын төгіп болған соң, оны табаққа салып, дастарханға ұсынуға болады.