
- 10
- 17.03.2023 14:34:00
- 1 мин оқу
Винсент Ван Гог бұл есімді естімеген адам емес шығар. Әйгілі голландиялық суретші Ван Гог - өз туындыларымен өз есімін мәңгілікке қалдырған жасаушы.
Өкінішке орай, Винсент Ван Гог небәрі 37 жыл өмір сүрді. Ол 27 жасында сурет сала бастады. Осы қысқа уақыт ішінде суретші 2100 туынды жасап, оның 870-і майлы бояумен салынған. Олардың барлығы дерлік қазіргі таңда ең жоғары бағаланатын өнер туындылары болып табылады.
Ван Гогтың көзі тірісінде тек 1 картинасы сатылған. Соған қарамастан, бірнеше жылдан бері Ван Гогтың туындылары өнертанушылар тарапынан жоғары бағаланып келеді. Бұл Винсент Ван Гогтың шығармашылығына берілген ең жоғары баға.
Ван Гогтың шығармашылығы туралы не білесіз?

