
- 56
- 25.02.2023 15:25:00
- 1 мин оқу
Өнер әлемі бір бөлек дүние. Қарап отырып ештеңені түсіне алмайтындай суреттер бар. Бірақ сол суретке қарап, дүниенің мәнін түсінетіндер де бар. Сол сияқты, адамдар үлкен ақшаға «түсініксіз» туындыларды сатып алуды ұнатады. Біз сіздерді көпшілікке түсініксіз, бірақ бейнелеу өнерінің жанкүйерлері миллиондаған долларға сатып алған туындылармен таныстырамыз.
Уильям Де Кунингтің «The Exchange» фильмін америкалық миллиардер 300 миллион долларға сатып алды.
Джексон Поллоктың «Номер 17 А» картинасы 200 миллион долларға бағаланады.
🖼Уильям Де Кунингтің тағы бір туындысы «Әйел III» ең қымбат өнер шедеврлерінің бірі болып саналады және 137,5 миллион долларға сатылды.
🖼Пабло Пикассоның "Дора Мар мен мысық" туындысы 95,256 миллион долларға бағаланды. Суретші суретте сүйіктісі Дора Марды бейнелеген.


