- 5
- 25.04.2023 09:54:00
- 1 мин оқу
Балаңыздың неге жылай беретінін білмесеңіз, қытайлықтар жасаған бұл тамаша жаңа бағдарлама дәл сізге арналған. Бұл Cry Analyzer бағдарламалық құралы жаңа туған нәрестелерден 6 айға дейінгі нәрестелердегі жылау себебін табуға көмектеседі. Бағдарлама 20 000-нан астам жылауды бөліп, нәрестенің аш екенін немесе бір жері ауырғанын айтады.
Ол үшін балаңыз жылағанда бағдарламаны іске қосып, оны 5 секунд бойы жазып, талдауға рұқсат етсеңіз болғаны.
Бала тәрбиесінде әртүрлі гаджеттер мен бағдарламаларды пайдаланасыз ба? Егер солай болса, оларды түсініктемелерде жазыңыз.
#cryAnalyzer #гаджет #қосымша #қытай #TechnoWorld