
- 7
- 16.09.2023 16:07:00
- 1 мин оқу
АСТАНА, 16 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан Президенті ASPIR жаңа басшысын тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
«Шаймарданов Жандос Нұрланұлы Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, ол бұрын атқарған қызметінен босатылды», - делінген хабарламада.
Жандос Шаймарданов туралы не белгілі
1987 жылы 24 ақпанда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
2009 жылы «Болашақ» стипендиясы бойынша Ұлыбританиядағы Йорк университетін «Экономика және қаржы» мамандығы бойынша тәмамдады.
2020 жылы Испаниядағы IE университетінде бизнес-аналитика және үлкен деректер бойынша магистр дәрежесін алды.
Шаймардановтың еңбек тарихында бірінші жұмыс орны Экономика және жоспарлау министрлігі болды, ол 2009 жылы бас сарапшы болып жұмыс істей бастады.
2010-2013 – «Самұрық-Қазына» АҚ менеджері;
2013-2014 жылдары – Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі;
2014-2016 жж. – ҚР Ұлттық министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры.