
- 3
- 09.01.2023 12:07:00
- 1 мин оқу
Қар күреп жатып ауыр жарақат алған атақты актер Джереми Реннер операциядан кейін сауығып кетті.
«Баршаңызға жақсы тілектеріңізге рахмет. Қазір жазатын жағдайым жоқ, бірақ барлығыңызға алғыс айтамын», - деп жазды актер Instagram парақшасында.
Естеріңізге сала кетейік, Жаңа жыл күні Невада штатында қалың жауған қар салдарынан бір отбасының бір мүшесі жолда көлікте тұрып қалған болатын. Көмекке келген Реннер қармен күресу үшін көлігін пайдаланып келе жатып, апатқа ұшыраған.