
- 18
- 01.03.2023 11:25:00
- 1 мин оқу
Допинг – спортта жиі кездесетін, бірақ профессионал спортшыларға қатаң тыйым салынған зат, ол аз уақыт ішінде дененің психикалық және физикалық белсенділігін арттырады.
Допинг сөзі ағылшынның «dope» сөзінен шыққан, «наркотик беру» дегенді білдіреді.
Бір кездері спорттық ойындардың нәтижесін жақсарту үшін допингтік заттар қолданылған. 1967 жылдан бастап Халықаралық Олимпиада комитеті спортшылардың допингтік заттардан улану және өлім жағдайларына байланысты спорттық ойындар кезінде допинг қолдануға тыйым салып, қатаң бақылау орнатты.
Қазіргі уақытта допинг қолданған спортшылар тіпті бірнеше жылға жарыстардан шеттетіледі.