
- 8
- 18.03.2023 09:15:00
- 1 мин оқу
Бүгін, 18 наурыз күні футболдан Өзбекстанда өтіп жатқан 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының матчтары аяқталады. Шешуші кездесуде алаң иесі Өзбекстан құрамасының ойыншылары Иракқа қарсы ойнайды.
Бұл командалар турнирдің топтық кезеңінде де кездесті. «А» тобының 2-туры аясында өткен кездесуде Равшан Хайдаровтың шәкірттері шағын есеппен жеңіске жетті.
Жартылай финалда Өзбекстан Оңтүстік Кореяны, ал Ирак пенальти сериясында Жапонияны ұтты. Айта кетейік, Өзбекстан-Ирак кездесуі сағат 19:00-де басталады. Матч Ташкенттегі «Бунёдкор» стадионында өтеді.