
- 5
- 13.03.2023 13:18:00
- 1 мин оқу
Нидерландының Эйндховен қаласы өткізген таэквондодан WT бойынша «Dutch Open» халықаралық жарысына Өзбекстан спортшыларының қатысуы сәтті аяқталды. Олар 3 алтын, 2 қола медальға қол жеткізді.
Жасур Жайсунов (-74 келі), Шухрат Салоев (-80 келі) және Никита Рафалович (-87 келі) ымырасыз бәсекеде алтыннан алқа тақты.
Жаңа салмақ дәрежесіне екінші рет қатысқан Токио-2020 Олимпиадасының чемпионы Ұлықбек Рашитов (-74 келі) пен Светлана Осипова (+73 келі) қола жүлдегер атанды.
Өзбекстан құрамасы енді Бельгияның Ломмель қаласы қабылдайтын «Belgian Open» турниріне дайындықты бастайды. Бұл турнир 18-19 наурызда өтеді.