- 20
- 21.03.2023 11:40:00
- 1 мин оқу
Чили чемпионатының 9-шы турында «Кобресаль» өз алаңында «Коло Колоны» қабылдап, 3:1 есебімен жеңіске жетті.
Ең қызығы, ойынның 77-минутында алаң иелерінің қақпашысы Леандро Рекенаның өз айып алаңынан тепкен добы голға айналды. Доп қонақтардың қақпасына 101 метрдей қашықтықтан тиді.
Бұл футбол тарихындағы ең алыс қашықтықтан соғылған гол болуы мүмкін және Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін екені атап өтілді.