
- 4
- 10.01.2023 08:40:00
- 1 мин оқу
Tesla бір уақытта бірнеше гаджетті зарядтауға арналған сымсыз зарядтау платформасын ұсынды. Пайдаланушылар бұл құрылғы тоқтатылған Apple Air Power-тің орнын басуы мүмкін дейді.
Құрылғыны Tesla брендінің дүкендерінен 300 долларға тапсырыс беруге болады. Tesla-ның жаңа өнімі үш гаджетті бір уақытта 15 ватт қуатпен зарядтайды. Сондай-ақ, құрылғы Free Power технологиясымен жабдықталған. Яғни, гаджеттерді платформаның кез келген жерінен зарядтауға болады. Қорапта зарядтағыш, USB-C кабелі, 65 ватт адаптер және магниттік тірек бар. Пайдаланушылар 2023 жылдың ақпан айынан бастап тапсырыс алады деп күтілуде.