
- 12
- 19.01.2023 07:21:00
- 1 мин оқу
Америкалық SpoonTEK стартапы әлсіз электрошокері бар қасық жасады.
Бұл қасық адам үшін қауіпсіз және тағамның сапасын жақсартатыны айтылған. Артықшылықтарының бірі - қасық тұз және натрий глутаматы сияқты қосылған дәмдеуіштердің мөлшерін шектейді.
Сатылымдағы қасықта электрод және светоид бар. Ауызға әкелгенде тілге жеңіл ток өтеді. Бұл қасық көбірек сұйық тағамдарға жарамды екені атап өтіледі. Бағасы 29 долларға бағаланады.
Бірақ оны аузында пирсинг барлар, кардиостимуляторы барлар және денесіне ұқсас электр құрылғылары орнатылғандар пайдалана алмайды.
Фото: SpoonTEK