
- 5
- 10.01.2023 09:15:00
- 1 мин оқу
Әлемдегі ең ірі электромобиль өндіруші BYD (Build Your Dreams) келесі айда Өзбекстанда электромобильдер сатуды бастайды. Бұл туралы «O‘zavtosanoat» басқарма төрағасының трансформациялар және қаржы жөніндегі бірінші орынбасары Азизбек Шүкүров мәлімдеді.
Бағаларды өндіруші өзі белгілейтіні атап өтіледі. Кепілдік пен қызмет көрсету басқа автосалондарға қарағанда ыңғайлырақ болады.
Еске сала кетейік, өткен айда BYD мен «O‘zavtosanoat» АҚ (УзАвто) бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімге қол қойған болатын. DM-i супер гибридті үлгілері мен олардың құрамдас бөліктерін шығаратын бірлескен кәсіпорын Өзбекстанда орналасады деп шешілді.
Фото: «O‘zavtosanoat» АҚ