
- 16
- 17.05.2023 13:52:00
- 1 мин оқу
Жеңіл атлетикада әлемдік рекордтар орындалатын бірнеше қашықтыққа жүгіру жарыстары бар. Литвада өткен Nord Security World's Fastest Run жарысында 100 шақырымға жүгіру бағдарламасында жаңа әлемдік рекорд орнатылды. Бұл рекордты литвалық Александр Сорокин жазған. Спортшы бұл қашықтықты 6 сағат 5 минут 35 секундта бағындырды. Жарыс Литва астанасында 19 градус жылы ауа райында өтті.