
- 7
- 10.01.2023 08:02:00
- 1 мин оқу
L'Equipe журналы Лионель Мессиді 2022 жылдың үздік спортшысы деп атады.
Катарда өткен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған Килиан Мбаппе 2-орынға ие болды.
Испаниялық теннисші Рафаэль Надаль үшінші орынды алды.
Басылымның мәліметінше, 2022 жылдың үздік 10 спортшысы төмендегідей:
1. Лионель Месси (футбол, 808 ұпай)
2. Килиан Мбаппе (футбол, 381)
3. Рафаэль Надаль (теннис, 285)
4. Ремко Эвенепул (велоспорт, 252)
5. Макс Верстаппен (Формула-1, 196)
6. Карим Бензема (футбол, 195)
7. Арман Дуплантис (жеңіл атлетика, 185)
8. Стивен Карри (баскетбол, 139)
9. Антуан Дюпон (регби, 105)
10. Давид Попович (жүзу, 98).
Дереккөз: Tom Weller/dpa