IBA Париж 2024 жылғы Олимпиадасының бекітілген біліктілік жүйесін жариялады

IBA Париж 2024 жылғы Олимпиадасының бекітілген біліктілік жүйесін жариялады
  • 4
  • 21.02.2023 15:34:00
  • 1 мин оқу

Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиадаға лицензия беру тәртібін бекітті. Бұл туралы ұйым өзінің ресми парақшасында хабарлады.

Белгілі болғандай, биыл Үндістанның Нью-Дели қаласында өтетін әйелдер арасындағы әлем чемпионаты мен Ташкентте өтетін ерлер арасындағы әлем чемпионаты боксшыларға Олимпиада лицензиясын береді.

Ташкент пен Нью-Делиде өткен әлем чемпионатына бойкот жариялаған ел спортшылары әлем чемпионаттарына жеке тіркеліп, қатыса алатыны атап өтілді.

Ақпарат үшін, АҚШ, Швеция, Ирландия және Чехия бокс федерациялары әлем чемпионатына қатыспайтынын хабарлады.

Copyrights © 2026 All Rights Reserved by Casia News