- 15
- 07.09.2023 09:18:00
- 1 мин оқу
"Lazzat Dunyosi" ұжымы сіздерді Тәуелсіздік күнімен құттықтап, "Байрам тортының" рецептімен бөліседі 💐
🥣 Ингредиенттер:
5 жұмыртқа;
5 ас қасық қант;
5 ас қасық ұн;
1 шай қасық разрихитель;
1 шай қасық тұз.
🍚 Крем үшін:
250 г кілегей;
380 г қоюландырылған сүт.
Тортқа салу үшін:
1 банан;
1 киви.
👩🏻🍳Дайындық:
- Жұмысымызды жұмыртқаның ақтығын бөлуден бастаймыз.
- Жұмыртқаның ақтығына бір шымшым тұз қосып, миксермен жақсылап шайқаңыз.
- Көпіртілгеннен кейін қант, жұмыртқаның сарысы, ұн және разрыхлитель қосып, біркелкі болғанша қасықпен араластырыңыз.
- Арнайы қағаз салынған лотокқа қоспамызды жазып, қоспаны қалыпқа салып, 180 градуста қызып тұрған пешке салып, пешті ашпай 15 минут пісіреміз.
🍚 Крем үшін:
- Миксер арқылы кілегей мен қоюландырылған сүтті араластырыңыз.
🍭Әшекейлеу үшін:
Дайын печеньені үштен бөлеміз, кремді жағып, қалаған жемістеріңізді таңдаймыз және басқа печенье салып безендіру ретін жалғастырамыз.