Бектемір Меликозиевтің қарсыласы белгілі болды

Бектемір Меликозиевтің қарсыласы белгілі болды
  • 7
  • 18.01.2023 12:06:00
  • 1 мин оқу

Боксшы Бектемір Меликозиев профессионал бокстағы кезекті кездесуін 28 қаңтарда өткізеді.
Ол 34 жастағы америкалық боксшы Улисес Сьеррамен (17-2-2, 10 КО) жұдырықтасады.
10 раундтық жекпе-жек бос WBA Continental Americas Super Middle белбеуіне арналған.
Жекпе-жек АҚШ-тың Калифорния штатындағы «YouTube Theater» аренасында ұйымдастырылады.
Бектемір профессионал бокста 11 жекпе-жек өткізіп, оның 10-ында жеңіске жеткен (8-і нокаутпен), 1-інде нокаутқа түскен.

Copyrights © 2026 All Rights Reserved by Casia News