
- 17
- 09.03.2023 13:28:00
- 1 мин оқу
Леонардо Да Винчи суретші, ғалым, инженер, математик және өнертапқыш болған. Біз сіздерге Леонардо Да Винчидің өмірі мен шығармашылығы туралы 5 қызықты фактіні ұсынамыз.
✍️Леонардо Да Винчи сол және оң қолымен де жазып, сыза білген. Бұл мидың екі жарты шарының бірдей жұмыс істей алатынының көрсеткіші.
🚗 Алғашқы көлік моделі де Леонардо Да Винчиге тиесілі. Әрине, ол көлік бүгінгідей емес еді, бірақ ол бірінші көлік ретінде танылды.
🏞 Бізге Да Винчидің аяқталған 15 шығармасы ғана жетті. Қалған шығармалары ұзақ жылдар бойы аяқталмай немесе жоғалып кетті.
🏫 Сондай зерделі әрі таңғажайып жаңалықтардың иесі Леонардо ешқашан мектепте немесе университетте оқымаған. Ол барлық дерлік білімді өзі алды.
👨🎨 Леонардоның тегі жоқ, "Да Винчи" сөзі "Винчи қаласынан шыққан" дегенді білдіреді.