33 жастағы Гарет Бэйл футболдық мансабын аяқтады

33 жастағы Гарет Бэйл футболдық мансабын аяқтады
  • 5
  • 10.01.2023 08:21:00
  • 1 мин оқу

Уэльс пен Лос-Анджелес құрамасының вингері Гарет Бэйл өзінің әлеуметтік желідегі парақшаларында «мұқият ойластырғаннан кейін» футбол мансабын аяқтауды шешкенін хабарлады.
«Реалдың» бұрынғы жұлдызы Гарет армандарының орындалғанын, 17 маусымды кәсіби деңгейде өткізгеніне қуанышты екенін айтты.
Айта кетейік, Бэйл мансабында «Саутгемптон», «Тоттенхэм», «Реал Мадрид» және «Лос-Анджелес» командаларында өнер көрсеткен.
«Реал» мен бес рет Чемпиондар лигасын жеңіп алды.
Ол профессионал футболда барлығы 665 матчта 226 гол соғып, 159 нәтижелі пас берді.

Copyrights © 2026 All Rights Reserved by Casia News