
- 8
- 22.02.2023 13:06:00
- 1 мин оқу
Аты аңызға айналған америкалық баскетбол жұлдызы Майкл Джордан туған күнінде Make-A-Wish қорына 10 миллион доллар берді. Бұл туралы NPR хабарлады.
Make-A-Wish Foundation халықаралық қайырымдылық қоры, оның негізгі мақсаты әртүрлі ауыр аурулардан зардап шегетін балаларға көмек көрсету болып табылады.
«Соңғы 34 жылда мен Make-A-Wish бағдарламасымен бірге көптеген балаларға күлкі мен бақыт сыйлау мәртебесіне ие болдым. Олардың осы қиын кезеңде қаншалықты төзімді екенін көру шынымен шабыттандырады ». – дейді Майкл Джордан.