
- 10
- 03.11.2023 14:34:00
- 1 мин оқу
Қазақстан мен Түркия екіжақты тауар айналымын 10 миллиард долларға жеткізуді көздеп отыр, деп мәлімдеді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанмен кездесуінде.
Былтыр екіжақты тауар айналымы 54 пайызға өсіп, 6,3 миллиард доллар болды. Осы көрсеткішті 10 миллиард долларға дейін жеткізуді көздеп отырмыз. Түркия – еліміздің негізгі төрт сауда серіктесінің бірі. Инвестициялық ынтымақтастық қарқынды дамып келеді. Елімізде түрік капиталының үлесі бар 4300-ден астам компания жұмыс істеп жатыр", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Дереккөз: Sputnik.kz