Владимир Путин Астанаға ресми сапармен келеді

Владимир Путин Астанаға ресми сапармен келеді
  • 10
  • 07.11.2023 13:06:00
  • 1 мин оқу

9 қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Астанаға ресми сапармен келеді.

Сапар аясында екі ел басшылары арасында келіссөздер өткізу жоспарланып отыр, оның барысында Қазақстан-Ресей стратегиялық әріптестігінің өзекті мәселелері талқыланады.

Сонымен қатар, президенттер бейнеконференцбайланыс арқылы Қостанайда өтетін Қазақстан мен Ресей арасындағы ХІХ өңіраралық ынтымақтастық форумының жұмысына қатысады.

Дереккөз: Inform.kz

Copyrights © 2026 All Rights Reserved by Casia News