Өзбекстан – Азия чемпионы!

  • 9
  • 18.03.2023 22:27:00
  • 1 мин оқу

Бүгін, 18 наурыз күні Өзбекстанда футболдан U-20 Азия чемпионатының финалы өтті. Ташкенттегі «Бунёдкор» стадионында 34 мың жанкүйер алдында шешуші матчта алаң иесі Өзбекстан құрамасының ойыншылары Ирак құрамасымен ойнап, тарихи жеңіске жетті.

Өзбекстан құрамасы екі рет құрлық чемпионы атанған (U-16 және U-23). Бүгінгі жеңіс ұлттық құрамаларымыздың үшінші халықаралық ресми чемпионаты болды.

Ұлттық құраманың бас бапкері Равшан Хайдаров Өзбекстан құрамаларын екінші рет финалға шығарып, чемпион атанған жалғыз бапкер.

🇺🇿 ӨЗБЕКСТАН 1:0 Ирак 🇮🇶

Баршаңызға жастарымыздың тарихи чемпионаты құтты болсын!

Copyrights © 2026 All Rights Reserved by Casia News