Өзбекстан Сирияны жеңді

  • 7
  • 02.03.2023 12:28:00
  • 1 мин оқу

20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Азия кубогының ашылу салтанатында Өзбекстанның жастар құрамасы Сирия құрамасымен ойнады. «Бунёдкор» стадионында өткен кездесуде Равшан Хайдаровтың шәкірттері 32 мыңнан астам жанкүйер алдында сенімді жеңіске жетті.

37-минутта Аббасбек Файзуллаев пенальтиден керемет соққымен есеп ашты. 68-минутта Аббасбек Файзуллаевтың бұрыштама добынан кейін сириялықтар допты өз қақпаларына салды – 2:0.

«А» тобындағы екінші ойында Индонезия Ирактан жеңіліп қалды. Осылайша 1-турдан кейін Өзбекстан мен Ирак топта көш бастады. Бұл командалар арасындағы келесі ойын 4 наурызда «Бунёдкор» стадионында өтеді.

Copyrights © 2026 All Rights Reserved by Casia News