- 8
- 03.03.2023 13:56:00
- 1 мин оқу
Ташкенттегі мейрамханалардың бірінде алғашқы робот-даяшы тұтынушыларға қызмет көрсете бастады. Оның залды аралап, тапсырыс берушілерден тапсырыс алып, науа арқылы жеткізіп беретіні айтылады. Даяшы роботты қытайлық PuduTech компаниясы жасап шығарған. BellaBot деп аталатын роботтың бағасы шамамен 12 000 долларды құрайды.