Түркияда жол апатына ұшыраған отбасы бүгін Қазақстанға оралуы керек еді – министрлік

Түркияда жол апатына ұшыраған отбасы бүгін Қазақстанға оралуы керек еді – министрлік
  • 13
  • 04.09.2023 14:17:00
  • 1 мин оқу

АСТАНА, 4 қыркүйек – Sputnik. Түркияда қазақстандық журналист пен оның қызы қайтыс болғанын Сыртқы істер министрлігі растады.

Осы жылдың 3 қыркүйегінде Аланияда жол апаты болып, соның салдарынан қазақстандық бір отбасы зардап шекті. Оқиға орнында 1989 жылы туған әйел мен оның екі жасар қызы көз жұмды. 1986 жылы туған отағасы ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр", - деп түсіндірді министрлік.

Ведомствоның мәліметінше, ерлі-зайыптының 9 жасар ұлы қазір ауруханада жатыр, оның денсаулығы мен өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

"Қазақстандық дипломаттар отбасының туыстарымен байланыс орнатты. Оларға барлық қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіледі", - деп хабарлады СІМ.

Сондай-ақ ведомство отбасының Түркияға турист ретінде барғанын және бүгін елге оралуға тиіс болғанын хабарлады.

Copyrights © 2026 All Rights Reserved by Casia News