ЕАЭО мұнай паспортының бірыңғай нысанын бекітті - ҚР Энергетика министрлігі

ЕАЭО мұнай паспортының бірыңғай нысанын бекітті - ҚР Энергетика министрлігі
  • 11
  • 09.09.2023 14:31:00
  • 1 мин оқу

АСТАНА, 9 қыркүйек – Sputnik. Еуразиялық экономикалық одақ аумағында айналымға жіберілетін мұнай паспортының бірыңғай нысаны бекітілді, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

«Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2023 жылғы 29 тамыздағы 89 шешімімен Еуразиялық экономикалық одақтың «Тасымалдау және (немесе) пайдалануға дайындалған мұнайдың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне өзгерістер енгізілді (ЕАЭО ТР 045/ 2017), - делінген хабарламада.

Қабылданған өзгерістерге сәйкес:

Еуразиялық экономикалық одақ аумағында айналымға шығарылатын мұнай паспортының бірыңғай нысаны және оны толтыру қағидалары бекітілді;

Мұнай паспортының мазмұнына қатысты техникалық регламенттердің кейбір ережелері түсіндірілді;

мұнайды сынау кезеңділігі техникалық регламенттерге сынау әдістерінің стандарттарының тізбесіне енгізілген стандарттарда белгіленетіні көзделген.

Жаңа нормалар Одақ аумағында мұнай өндіруге және оның айналымына, оның ішінде құжаттамалық жағынан біркелкі көзқарастарды қалыптастыруды қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Еуразиялық экономикалық комиссия.

Copyrights © 2026 All Rights Reserved by Casia News