
- 8
- 27.03.2023 13:49:00
- 1 мин оқу
2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу матчтарының 2-ші турында «J» тобында орын алған Люксембург пен Португалия құрамалары барын салып көрді. Кездесуде Португалия жалпы басымдыққа ие болып, 6:0 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, Криштиану Роналду Португалия сапында дубль жасаған. Осылайша шабуылшы ұлттық құрамадағы 121-ші және 122-ші голдарын соғып, ұлттық құрамадағы ең көп гол соққан өзінің рекордын тағы 2 голға жаңартты.