
- 12
- 24.03.2023 11:47:00
- 1 мин оқу
Криштиану Роналду халықаралық матчтар саны бойынша әлемдік рекорд орнатты.
38 жастағы шабуылшы Еуро-2024 іріктеу кезеңінде Лихтенштейнге қарсы ойында (4:0) 78 минут ойнап, дубль жасады.
Бұл Роналдудың Португалия сапындағы 197-ші ойыны. Ол кувейттік Бадир Әл Мутвадан (196) асып түсті. Бұл ретте, Халықаралық футбол тарихы мен статистикасы федерациясы (IFFHS) ресми есепте жоқ 24 ойыны бар болса да, малайзиялық Сон Чин Аннаны (219 ойын) рекордшы деп санайтынын айта кеткен жөн.