
- 7
- 28.03.2023 14:16:00
- 1 мин оқу
Ақ терек пе, көк терек пе?
Бұл балалар ойынында қатысушылар бойына, күші мен ептілігіне қарай 2 тең командаға бөлініп, 15-20 м қашықтықта қол ұстасып сапқа тұрады.
Бірінші команданың капитаны екінші команданың бірінің атын атайды.
Шақырылған қатысушы жүгіріп барып, қарсылас команданың мүшелері қол ұстасып тұрған жерді бұзуға тырысады. Қолдар ұсталған жерінен ажыраса, қарсылас жағындағы балалардың кез келгенін өз командасына алып кетеді, ал болмаса, сол командада қалады.
Ойын осылай жалғаса береді. Бірде-бір ойыншысы қалмаған команда жеңіледі.
«Ақ теректі» ойнап өскендер ойыннан алған әсерімізді жазып алады.
Фото: иллюстрация