
- 12
- 08.03.2023 14:39:00
- 1 мин оқу
Қажетті ингредиенттер:
🥟Қамыр үшін:
Ұн - 500 гр
Тұз - 1 шай қасық
Су - 300 мл
🥩Фарш үшін:
Ет - 500 гр
Қуйрық май - 100 гр
Пияз - 1 кг
Дәмдеуіштер дәміне қарай
🍛Кайла үшін:
Пияз - 3 дана
Қызанақ - 1 дана
👩🏻🍳Дайындалуы:
Жұмысты қамыр илеуден бастаймыз, електен өткізілген ұнды алып, тұз, су қосып қамыр илейміз де, қамырды екі бөлікке бөліп, тынықтырамыз.
Фаршты дайындау үшін ет пен пиязды турап, дәміне қарай тұз, дәмдеуіштерді қосып, жақсылап араластырыңыз.
Қамырды алып, жұқа етіп жаямыз, сосын қамырды төртбұрыш етіп кесеміз, дайын ингредиенттерді салып, оны жайып, бөренеге айналдырамыз.
Кайла дайындау үшін пияз бен қызанақты турап, қуырып, дәміне қарай тұз, дәмдеуіштер, су қосып отқа қоямыз.
Қазанға су құйып, мантыны қайнатқаннан кейін мантыны теріп 45 минут отқа қоямыз.