- 6
- 24.03.2023 14:03:00
- 1 мин оқу
Nothing компаниясы сымсыз «құлаққаптардың» жаңа буынын таныстырды. Жаңа құлаққаптар Nothing Ear 2 деп аталады. Құлаққаптар мөлдір корпуста және тек ақ түсте ұсынылды. Дыбыс сапасын жақсарту үшін Ear 2 ажыратымдылығы жоғары дыбысты ойнатуға мүмкіндік беретін Lhdc 5.0 кодегін қолдайды. Nothing x қолданбасының көмегімен дыбысты белгілі бір пайдаланушының құлақтарына қарай реттеуге болады. Құлаққаптар 28 наурызда 149 долларға сатылымға шығады.