
- 7
- 11.09.2023 12:11:00
- 1 мин оқу
АСТАНА, 11 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан құрамасы шахматтан әйелдер арасындағы командалық әлем чемпионатының финалына шықты.
Жартылай финалда шахматшыларымыз Францияны ұтты.
Команда құрамында Бибісара Асаубаева, Ксения Балабаева, Әсел Серікбай, Меруерт Камалиденова, Алуа Нұрманова және Әмина Қайырбекова бар.
Финалда Қазақстан құрамасы АҚШ-ты жеңген Грузиямен кездеседі. Матч 11 қыркүйекте өтіп, сағат 18:00-де басталады.
2023 жылғы командалық әлем чемпионаты Польшада өтуде. Бұл турнир 2007 жылдан бері өткізіліп келеді және Қазақстан бұған дейін ширек финалдан өткен емес.