
- 9
- 24.08.2023 14:47:00
- 1 мин оқу
Кофе ішкенді жақсы көретінім сонша, тіпті жазда да бас тарта алмаймын десеңіз, осы видеоны сақтап қоюды ұмытпаңыз! ☕️ Біз сіздерге "Мұзды Далгона кофесі" рецептін дайындадық.🤤❤️
🤎Ингредиенттер
☕️3 ас қасық кофе;
😋3 ас қасық қант ұнтағы;
💧3 ас қасық ыстық су;
🧊 Мұз;
🍨Әшекейлеу үшін
Балмұздақ;
какао;
👩🏻🍳Дайындық:
- Шұңғыл ыдысқа кофе, қант ұнтағы және ыстық суды салыңыз.
- Содан кейін кішкене сүзгіні пайдаланып кофені араластыра бастаңыз.
-Кофе көбік пайда болғанша араластыра беріңіз. Қаласаңыз, бұл қоспаны араластырғыш, блендер немесе банка арқылы да дайындауға болады.
- Қайнағаннан кейін бір стақанды мұзбен толтырып, осы қоспаны қосыңыз. Содан кейін аздап сүт, балмұздақ және какао қосыңыз.
Біздің дәмді және мұздатылған кофе дайын.