
- 20
- 08.03.2023 15:08:00
- 1 мин оқу
Дастарханымнан дәмді тағам болсын деушілер міндетті түрде жазып қойыңыздар😋
Тамағыңызға ерекше дәм қосқыңыз келсе, неге біздің арнайы дайындалған рецептімізді қолданып көрмеске? 🤩
Қажетті өнімдер: 🍆
Баклажан хуммус
2 баклажан
1,5 кесе қайнатылған бұршақ
1/2 кесе зәйтүн майы
3/4 кесе күнжіт пастасы (тахини)
1/2 лимон шырыны
2 түйір сарымсақ
1 шай қасық зире
1 шай қасық бұрыш
1 шай қасық ұнтақталған қызыл бұрыш
1 шай қасық тұз
Жаңа піскен шөптер мен дәмдеуіштер.
🧑🏻🍳Дайындық:
- Баклажаны қалауыңызша пісіріңіз;
- Бір күн бұрын қайнатылған бұршақ пен жоғарыда аталған өнімдерді (жаңа жасылдан басқа) миксерге салып, араластырыңыз;
- Үстіне қалаған көк шөптерді безендіру үшін пайдаланыңыз;
- Кептірілген нанмен тағамды одан да дәмді етуге болады;
Ас болсын