«Кофе лимонады»

  • 17
  • 18.09.2023 09:05:00
  • 1 мин оқу

Лимонад пен кофені араластырып "Кофе лимонадын" дайындадық. Ыстық күндердің соңғы күндерінде бұл рецептті міндетті түрде жасап көріңіз.😍

Дайындау уақыты: 5 минут

🍋Ингредиенттер:

🍋1 лимон
🥄 1 ас қасық бал
☕️1,5 кесе эспрессо (40 мл ащы кофені ұнатсаңыз, оны екі есе көбейтіңіз)
💧50 мл минералды су
🧊Мұз

👩🏻‍🍳Дайындық:

- Лимонның қабығын аршып, ыдысқа салыңыз, лимон шырынын, бал мен мұз текшелерін қосып, араластырыңыз.

- Кофе дайында. Эспрессоның орнына фильтрлі кофені немесе жақсы сүзілген түрік кофесін де пайдалануға болады. Дәмі ұнаса ғана түйіршіктелген кофені пайдалануды ұсынамыз.
- Үлкен стақанды мұзбен толтырып, лимон қоспасын стаканға құйып, минералды суды қосыңыз.
- Соңында кофені баяу қосып, кофе лимонадын үстелге ұсынуға болады.

Copyrights © 2026 All Rights Reserved by Casia News