
- 4
- 14.03.2023 16:01:00
- 1 мин оқу
Лондондық «Челси» клубы Премьер-Лига клубтары арасында бірінші болып өз стадионында ауызашар беретінін хабарлады.
(https://www.chelseafc.com/en/news/article/chelsea-fc-to-host-first-ever-open-iftar-at-stamford-bridge) Клубтың ресми сайтының хабарлауынша, «Челси» Мұндай рәсімді өткізу Премьер-Лиганың бірінші клубы болып табылады.
«Клуб Рамазан айына орай 26 наурызда өзінің Стамфорд Бридж стадионында ифтар ұйымдастыратынын хабарлауға қуаныштымыз. Біз жергілікті мұсылман қауымын ифтарда қарсы алуды асыға күтеміз», - делінген клуб хабарламасында.
Клубтың жолдауында Исламға сенетін команда мүшелері Калиду Кулибали мен Весле Фофана барлық ораза ұстағандарды ауызашарға шақырды.