
- 10
- 23.05.2023 12:47:00
- 1 мин оқу
Қаржылық қулықтың кесірінен туриндік «Ювентус» клубынан 10 ұпай шегерілді. 69 ұпай жинаған туриндік команда А сериясының кестесінде 2-орында болды. Пенальти күшіне енгеннен кейін «Ювентус» 7-ші орынға түсті. Олар Чемпиондар лигасына жолдама алған орындардан 5 ұпайға қалып қойды. Командада тағы 3 тур бар. Естеріңізге сала кетейік, қаңтарда клубтан 15 ұпай алынып, сәуір айында ұпайлар қайтарылған болатын.