- 13
- 25.01.2023 08:32:00
- 1 мин оқу
Tata Steel Chess-2023 турнирінің 9-шы турында «Мастерс» тобының көшбасшысы Нодирбек Абдусаттаров германиялық Винсент Кеймермен ойнап, тең түсті. 9 турда 6,5 ұпай жинаған Нөдірбек әзірге топ көшбасшысы болғанымен, қарсыластарын жақындата түсті.
10-шы айналымда оны классикалық бағытта әлемнің 2-ші шахматшысы қытайлық Дин Лирен күтіп тұр.
Челленджерлер санатында Джавахир Синдоров америкалық Абхиманю Мишрадан басым түсті. Джавахир 6 ұпай жинап, 4-орында.