
- 9
- 25.03.2023 13:50:00
- 1 мин оқу
Сұрхандария облысының Сарыосие ауданында орналасқан. Теңіз деңгейінен 2000 метр биіктікте таулардың арасында Санғардақ ауылының жанында орналасқан. Сарқырама жерден 120 метр биіктікте, тау жартасынан ағады. Жергілікті тұрғындар оның мөлдір суы таудағы еріген мұздықтардан ағады дейді. Таңғажайып табиғат пен салқын самал бұл жерді адамдардың сүйікті зиярат орнына айналдырды. Сұрхандария облысындағы шетелдік туристерді де қызықтыратын Санғардақ сарқырамасы республика тұрғындарына 1991 жылдан кейін белгілі болып, аймақтардан келушілер қатары көбейді.