5 минут және телефон толығымен зарядталады

  • 4
  • 28.02.2023 12:09:00
  • 1 мин оқу

Redmi 300 ватт жылдам зарядтау құрылғысының тизерін шығарды (https://twitter.com/yabhishekhd/status/1630404744161239040). Құрылғы арнайы 4100 мАч батареясы бар Redmi Note 12 Pro+ смартфонын небәрі 43 секундта 10%-ға дейін, 2 минутта 50%-ға дейін және 5 минутта 100%-ға дейін зарядтайды.
Осыдан сәл бұрын Realme өзінің Realme GT Neo 5 смартфоны үшін 240 ватт жылдам зарядтау технологиясын іске қосты.

Copyrights © 2026 All Rights Reserved by Casia News