41 жастағы Златан жаңа рекордшы атанды

41 жастағы Златан жаңа рекордшы атанды
  • 12
  • 25.03.2023 15:01:00
  • 1 мин оқу

Златан Ибрагимович Еуро іріктеу кезеңінде ойнаған ең қарт ойыншы атанды.

Швеция құрамасының шабуылшысы 41 жас 172 күнде Еуропа чемпионатының іріктеу ойынына қатысты.
Златанға дейін Еуро іріктеу кезеңіндегі ең қарт ойыншы Италия құрамасының бұрынғы қақпашысы Дино Зофф болатын. Дзофф 1983 жылы ойнаған кезде 41 жас 3 айлық еді.

Айта кетейік, Ибрагимович Швеция құрамасы сапында 122 ойын өткізіп, 62 гол соққан. Ол ұлттық құраманың үздік бомбардирі.

Copyrights © 2026 All Rights Reserved by Casia News