2027 жылға дейін Қазақстанда он моноқаланы дамытуға 1,7 трлн теңге жұмсалмақ

2027 жылға дейін Қазақстанда он моноқаланы дамытуға 1,7 трлн теңге жұмсалмақ
  • 7
  • 11.09.2023 10:09:00
  • 1 мин оқу
АСТАНА, 11 қыркүйек – Sputnik. Үкімет Жаңатас, Қаратау және Риддер қалаларын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарларын бекітті. Бұған дейін министрлер кабинеті Алтай, Арқалық, Балқаш, Жітіқара, Лисаковск, Серебрянск және Степногорск қалаларына кешенді жоспарлар қабылдаған болатын. 10 кешенді жоспар аясында 608 тармақты жүзеге асыру қарастырылған – бұл денсаулық сақтау, білім беру, спорт, инженерлік инфрақұрылым, ШОБ, агроөнеркәсіптік кешен нысандарын салу және жөндеу, заманауи техникалар сатып алу. Бұл мақсаттарға 1,7 триллион теңге бөлінеді.
Copyrights © 2026 All Rights Reserved by Casia News