
- 10
- 01.03.2023 14:13:00
- 1 мин оқу
Nokia өзінің 60 жылдық классикалық логотипін технологиялық заманауи логотипке ауыстырды (https://www.nokia.com/about-us/news/releases/2023/02/26/nokia-sets-sights-on-leading- a- world-where-networks-meet-cloud-mwc23/).
Компания бұл шешімді көптеген қолданушылардың телефон бренді деп санайтынымен түсіндірді, бірақ бұл бизнес 10 жыл бұрын сатылған. Жаңа логотип - бұл компанияның жаңа стратегиялары туралы сигнал.
Бұрынғы Nokia логотипі әлемнің барлық дерлік елдерінде белгілі болды.
Айта кетейік, 2013 жылы Microsoft Nokia-ның телефон өндіру бөлімін 5,44 миллиард еуроға сатып алса, 2016 жылы оның бір бөлігін HMD Global Oy және FIH Mobile компанияларына сатты. Қазір олар осы брендпен заманауи смартфондар шығаруға тырысуда.
